jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

2026 жылы Алматыда зияткерлік көлік жүйесі енгізіледі

автобустар
Автобустар. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі мен Қытайдың Inspur мемлекеттік компаниясы 2025 жылы сәуірде Алматының Зияткерлік көлік жүйесі (ITS) тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы қала әкімінің 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы президентке берген есебінде айтылған.

Жоба бойынша келісімшарт 2025 жылдың 20 мамырына дейін жасалып, жүйе 2026 жылдың тамызына дейін іске қосылады.

Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін қалалық қоғамдық көлікті 100 пайыз экологиялы ету көзделген. Биыл 29 сәуірде 600 газбен жүретін және 200 электр автобусты сатып алуға байқау жарияланды. Жеке тасымалдаушылар өз тарапынан 800 газбен жүретін және 118 электр автобусты сатып алуды жоспарлап отыр.

Электр көлігі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2025 жылы ақпаннан бастап 6 инвесторға 233 электр зарядтау станциясын орнатуға техникалық шарттар берілді.

Сонымен қатар "жасыл" облигациялар есебінен 100 электробус сатып алып, 10 троллейбус қосалқы станциясын жаңғыртуға құжаттар дайындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімдігі 2025 жылы алғаш рет "жасыл" облигацияларды электробус сатып алуға ғана емес, сондай-ақ, Желтоқсан көшесіндегі BRT желісінің құрылысын жалғастыруға бағыттамақ.

2026 жылы Алматыда зияткерлік көлік жүйесі енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.