Зектілері

Нөсер жауын, қатты жел: еліміздің қай өңірінде күн бұзылады

Жарияланған күні:

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде күн бұзылатынын хабарлады. Кей өңірде қатты жауын жауса, кей өңірде өрт қаупі сақталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қарағандыда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырауда найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда таңертең және күндіз найзағай, тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 06-08 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семейде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Астанада жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242293-noser-zhauyn-qatty-zhel-elimizding-qai-ongirinde-kun-buzylady/