Зектілері

Ауыл оқушылары Грекияда өткен халықаралық байқауда жүлдегер атанды

Жарияланған күні:

қазақстандық оқушылар
Қазақстандық оқушылар. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Грекияның Софикон қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық чемпионатында Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушыларының құрама командасы екі бірдей номинация бойынша қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, STEM бағыты бойынша өткен турнирге АҚШ, Бразилия, Жапония, Австралия, Германия сынды 50-ден астам елден оқушылар қатысқан.

"Нәтижесінде Қазығұрт ауданының командасы Robot Design Award және Alliance Cup санаттары бойынша да қос бірдей 3-орынға ие болды. Команда құрамында: Сайлау Нұрасыл, Нұралы Даянхан, Ділдәбек Аружан, Камал Асылжан, Ақжол Нұрасыл, Асқарова Несібелі, Давронбек Гүлмира, Тайбек Балым, Елтай Өміржан бар.

Команданың жетекшілері — информатика пәнінің мұғалімдері Оразхан Бексұлтан, Устенов Нұрсұлтан, Тастан Ербол, Шералы Әлібек.

Қазығұрт командасын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, абсолютті жеңімпаз атанғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242584-auyl-oqushylary-grekiiada-otken-halyqaralyq-baiqauda-zhuldeger-atandy/