Астанада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай қандай іс-шаралар өтеді
Жарияланған күні:

Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге орай 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай қала қонақтары мен тұрғындары келесі іс-шараларды тамашалай алады:
6-8 мамыр күндері адам көп жиналатын орындарда еріктілер блиц-сауалнама жүргізіп, қоғамдық орындарда "Жеңіс лентасы" ленталары мен төсбелгілерін таратады.
6 мамырда сағат 19:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры "Әлия" спектаклін көрсетуді жоспарлап отыр, сонымен бірге Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Кестелі орамал" мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ "Жастар" сарайында сағат 19:00-де "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерттік бағдарламасы жоспарланған.
Бұдан бөлек, Астанада теннистен интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында әлем чемпионаты (Virtus World Tennis Championships-2025 ) өтіп жатыр. Жарыс 11 мамырға дейін жалғасады. Жарысты Қордай 6, мекенжайындағы "Дәулет" теннис орталығынан тамашалауға болады. Кіру тегін.
6-10 мамыр аралығында елордада спорттық гимнастикадан ашық қалалық чемпионат өтеді. Жарысты Ә. Жангелдин, 9А мекенжайында орналасқан "Жеңіс" спорт клубынан тамашалауға болады. Кіру тегін.
7 мамырда сағат 11:00-де концерттер мен әскери парадтың тікелей көрсетілімі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандар арқылы шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:
1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);
2. "Астана Арена" стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);
3. Astana Music Hall автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).
Сонымен қата іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.
Сағат 12:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының аумағында әртістердің қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
8 мамырда сағат 15.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
9 мамырда Ботаникалық бақта елордалық студенттер мен оқушылар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Эстафета сағат 9:00-де басталады. Қатысуға спорттық дайындығы бар және медициналық тексеруден өткен оқушылар мен студенттер жіберіледі (командалар басшы мен дәрігер куәландырған өтінімді ұсынуы тиіс).
9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай "Жастар" саябағында сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін және қалалық алаңда сағат 17:00-де мерекелік концерттер өтеді. Сол күні сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Ар адамы. Бауыржан" спектаклінің премьерасы өтеді.
9 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін құттықтау болады. Бұл шараға қала әкімдігінің, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскери оркестр қатысады.
9 мамырда Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық турнир басталады. Жарыс Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Кіру тегін.
10 мамырда сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Мамыр вальсі" мерекелік концерті өтеді.
10 мамырда сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында "Ар адамы. Бауыржан" сахналанады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242587-astanada-7-zhane-9-mamyr-merekelerine-orai-qandai-is-sharalar-otedi/