Зектілері

Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда бірқатар көше уақытша жабылады

Жарияланған күні:

Әскери шеруге дайындық
Әскери шеруге дайындық үстіндегі тікұшақ. Фото: t.me/modgovkz

Астанада 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру өтеді. Осыған байланысты 7 мамырда бірқатар көшеде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

7 мамырда таңғы сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 – Ақжол даңғылы – Қошқарбаев даңғылы – Аманжолов көшесімен Қошқарбаев даңғылының Нәжімеденов көшесіне дейін Аманжолов көшесі арқылы жеке құрам тасымалданады.

Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін – Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы, Қуанышбаев көшесінің Байтұрсынұлы көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейінгі тұрақ, Нұрмағанбетов көшесінің оң жағы, автобус тұрақтары жеке құрамды тасымалдау үшін жабылады.

Сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін – Панфилов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Нұрмағанбетов көшесіне дейін) және Нұрмағанбетов көшесі (Панфилов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейін) салтанатты шеруден кейін тиеуге арналған ауыр жүк тралдарына арналған тұрақ.

Одан бөлек сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлынан Панфиловқа дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналастырылады.

Сонымен қатар сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін Astana Music Hall автотұрағының (Құмыра) аумағында Момышұлы даңғылы 1 мекенжайы бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.

Күн әскерилердің оралуымен аяқталады: сағат 12: 30-дан 14: 00-ге дейін, техника мен автобустар Панфилов көшесі — Нұрмағанбетов көшесі — Қошқарбаев даңғылы – Ақжол даңғылы – А-334 көшесі арқылы орналасу пунктіне қайтады.

Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі.

Әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында шеру өтетін орындардағы кейбір учаскелерде бағдаршам нысандары консольдерінің жоғарғы бөлігі бұрылатын болады.

Елорда әкімдігінің өкілдері аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданатынын айта келе, тұрғындардан және қала қонақтарына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын сақтауды сұрайды.

Бұл күні (7 мамыр) кей автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы да өзгереді, олар: № 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504 бағытындағы автобустар.

Сондай-ақ жолаушылардан жүру бағытын алдын ала жоспарлау және Instagram желісіндегі "City Transportation Systems" ресми парақшасы арқылы өзекті ақпаратты қадағалау сұралады.

Айта кетейік, Астанада 2025 жылдың 7 мамыры күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтеді. Әскери шеруді республикалық телеарналардан, еліміздің барлық қалаларында LED-экрандардан, Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242593-astanadagy-askeri-sheru-7-mamyrda-birqatar-koshe-uaqytsha-zhabylady/