jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада бүгін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді

7 – мамыр – Отан Қорғаушылар күні туралы ел білмейтін деректер
Көрнекі фото: Aqorda

Бүгін Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад 2025 жылғы басты оқиғалардың бірі болатынын атап өтті.

Салтанатты шараға 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Астанада бүгін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.