Қазақстанда жаз мезгілінде 11 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды
Жарияланған күні:

Биылғы жазда елімізде 11 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, бұл шешім жолаушылардың демалыс маусымындағы жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қабылданған.
"Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізіліп, бірқатар бағыт бойынша қатынау жиілігі арттырылады. Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында төмендегі пойыздар қатынайды: 3 "Тальго" құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады:
1. №253/254 "Астана – Достық" ("Тальго") пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
2. №207/208 "Алматы – Жалаңашкөл" ("Тальго") пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
3. №211/212 "Алматы – Достық ("Тальго") пойызы күнара қатынайды.
4. №221/222 "Алматы – Достық" пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
5. №457/458 "Семей – Достық" пойызы күнара қатынайды.
6. №459/460 "Өскемен – Достық" пойызы күнара қатынайды.
7. "Алматы – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
8. "Қызылорда – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
9. "Павлодар – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
10. №201/202 "Астана – Алматы" пойызы күн сайын жүреді.
11. №203/204 "Астана – Шымкент" пойызы күн сайын жүреді.
Жолаушылар билетті жөнелту күніне 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып ала алады.
Пойыздардың қозғалысы туралы мәліметті https://tablo-railways.kz/ru/ сайтындағы онлайн-таблодан, сондай-ақ 1433 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласып немесе +7 776 714 5686 WhatsApp чаты арқылы білуге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242947-biylgy-zhazda-11-bagyt-boiynsha-qosymsha-poiyzdar-qatynaidy/