Зектілері

9 мамырда Алматының кей көшесінде көлік қозғалысы шектеліп, 34 автобустың жүру бағыты өзгереді

Жарияланған күні:

Жолда кетіп бара жатқан автобус
Қоғамдық көлік. Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда гүл шоқтарын қою салтанаты өтетіндіктен 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 мамырда сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Қонаев – Жібек жолы – Қазыбек би – Бәрібаев көшелері шектелетін аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін толық жабылады. Қала әкімдігі өкілдері осы кезеңде көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұрайды.

Іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан келесі бағыттар бойынша біржақты тегін тасымалдау ұйымдастырылады:

– Достық даңғылы (Төле би және Қазыбек би көшелерінің арасы) – Абай алаңы – Орталық стадион;

– Қалдаяқов көшесі (Гоголь көшесінің оңтүстігінде) – Халық Арена;

– Гоголь көшесі (Қонаев көшесінің бұрышы) – Райымбек батыр даңғылы / Абылай хан көшесі;

– Қонаев көшесі (Гоголь мен Қазыбек би көшелерінің арасы) – "Сәлем" базары;

– Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен батысқа қарай) – Алматы Арена.

Қала әкімдігі жолаушылардан алдын ала бағытын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруді және мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауды сұрайды.

Қоғамдық көлік бағытының өзгерісін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 9 мамырда дрондар шоуы өтетінін хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242977-9-mamyrda-almatynyng-kei-koshesinde-kolik-qozgalysy-shektelip-34-avtobustyng-zhuru-bagyty-ozgeredi/