jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

SIM картаны енді тек байланыс операторларынан ғана сатып ала алуға болады

мобильді телефонның сим-картасы
Мобильді телефонның сим-картасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы жобаны назарға ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оған сәйкес, қазақстандықтар sim-карталарды тек байланыс операторларынан сатып ала алады жүзеге асыратын болады. Тиісті жоба Ашық НҚА порталында жарияланды.

"Жоба түпкі пайдаланушыны сәйкестендірусіз тіркелген қазақстандық операторлардың SIM-карталарын пайдалана отырып жасалатын интернет-алаяқтықтармен күресуге бағытталған. Абоненттік нөмірлердің тіркелуін бақылауды күшейту және жеке басын сәйкестендірусіз SIM-карталарды сатуға шектеулер енгізу ұсынылады. Осы түзетулер күшіне енгеннен кейін сим-карталарды сатып алуды байланыс операторлары жүзеге асыратын болады. Бұл алаяқтық әрекеттердің санын азайтуға мүмкіндік береді", - делінген жоба сипаттамасында.

Сонымен бірге абоненттердің қауіпсіздігін арттыру және алаяқтықпен күресу үшін байланыс операторлары арнайы байланыс орталығын құру жоспарланған. Онда пайдаланушылар алдау әрекеттері туралы жедел хабарлай алады.

"Мұндай шара алаяқтық схемаларды тез анықтауға, күдікті нөмірлерді бұғаттауға, құқық қорғау органдары үшін деректерді жинауға, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын және операторлардың қызметтеріне деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

SIM картаны енді тек байланыс операторларынан ғана сатып ала алуға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.