Бұршақ, қатты жаңбыр: демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жаууы да ықтимал.
10 мамырда еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10-11 мамырда шығысында, 11 мамырда Қазақстанның батысында қатты жаңбыр күтіледі.
Бұдан бөлек, республика бойынша жел күшейіп, Қзақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Ал елдің солтүстік-батысында түнде ауа температурасының 6-16-дан 10-20 градусқа дейін, күндіз 18-26-дан 20-35 градусқа дейін көтерілуі, солтүстікте түнде 10-17-ден 5-13 градусқа дейін ауытқуы, күндіз 17-27-ден 13-23 градусқа дейін көтерілуі, сонымен қатар оңтүстікте түнде 12-20 градусқа дейін, күндіз 24-32-ден 28-37-ге дейін жоғарлауы күтіледі.
Республиканың қалған аумағында температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2243475-burshaq-qatty-zhangbyr-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/