jitsu gif

Қазақстанда ұлттық киімді сәнге айналдыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды

Ұлттық киім киген тұрғындар
Ұлттық киім киген тұрғындар. Фото: Маңғыстау облысының ресми ақпараттық арнасы

Қазақстанда ұлттық киім үлгісін қоғамға енгізу және жастар арасында сәнге айналдыру бойынша арнайы жұмыс тобы ұсыныстар әзірлеп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Kazinform агенттігі жолдаған сауал жауабында айтылған.

"Ұлттық киімдерді дәріптеу мен жаңғырту еліміздің мәдени құндылықтарын сақтап, жастардың ұлттық болмысты тануына жол ашу бағытында маңызды. Осы мақсатта бірнеше бастама қолға алынды...

Ұлттық киім үлгісін қоғам өміріне енгізу және жастар арасында сәнге айналдыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін еуразиялық дизайнерлер одағының төрағасы Ермек Асылханов, танымал дизайнер Қайролла Әбішев, этно-дизайнерлер одағының төрағасы К. Көдеков тағы басқа белгілі дизайнерлер қатарынан арнайы жұмыс тобы құрылды.

Өз кезегінде жұмыс тобы мәдениет, білім беру және сол сияқты әлеуметтік сала қызметкерлері үшін ұлттық колорит пен ою-өрнек элементтері бар костюмдердің эскизін әзірлеп, мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныс ретінде жолдады", — деп жауап берді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

Айта кетсек, биыл Бурабайда өткен ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болмысымыздың маңызды көрінісі ұлттық киімді жан-жақты дәріптеу керектігін айтқан еді.

"Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық", — деді президент.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.