Алматыдан Дели мен Мумбайға тікелей рейстер қайта жанданады
Опубликовано:

Air Astana әуе компаниясы Дели мен Мумбайға тікелей рейстерді қайта жандандырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әуекомпания 19 мамырдан бастап Алматы – Дели – Алматы бағытындағы КС 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін бұрынғы ұшу бағыты мен кестесі бойынша қайта жандандырады. Сондай-ақ 14 мамырдан бастап Алматы – Мумбай – Алматы бағытындағы KC 291/292 рейстері де бастапқы бағыты бойынша ұша бастайды", - делінген компания хабарламасында.
Еске сала кетейік, 8 мамырда Air Astana әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа байланысты Алматыдан Дели мен Мумбайға рейстердің тоқтатылатынын мәлімдеген еді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2244207-almatydan-deli-men-mumbaiga-tikelei-reister-qaita-zhandanady/