jitsu gif

Түркияда "Астана LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Талғат Ардан
Талғат Ардан. Видеодан кадр: youtube.com/@astanalrt7686

Халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ҰҚК-нің мәліметінше, 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстанның Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген.

"Биылғы жылы ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады.

Осы жылдың 9 мамырында Анталья қаласының соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауда.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қарашада Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.