jitsu gif

Дәстүрлі SEMEY OPEN 2025 республикалық пікірсайыс турнирі өтті

"SEMEY OPEN 2025" республикалық пікірсайыс турнирі
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған SEMEY OPEN 2025 республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Республикалық деңгейде өткен бұл зияткерлік сайысқа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ Абай облысынан келген 60-қа жуық пікірсайысшы қатысты.

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Турнир нәтижесінде Мирам Тұрысбеков (Абай облысы) пен Хасанов Еркебұлан (ШҚО) үздік шығып, бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздарға 250 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

Сонымен қатар, Мирам Тұрысбеков "Үздік спикер" атанды.

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Финалист атанған топтар қатарында келесі командалар болды:

  • Бинұр Ахатқызы (Алматы қаласы) мен Амир Өміржанов (Астана қаласы);
  • Қазез Жұмаханов (Абай облысы) мен Жігер Сарсенбаев (Шығыс Қазақстан облысы);
  • Асылжан Рымқұлов (Абай облысы) мен Нұрхан Ералы (Павлодар облысы).
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге "Жастар алаңында" Шығыс Қазақстан облысы атынан қатысқан Алмасұлы Мерхат пен Бақыт Баянды жеңімпаз атанды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.