jitsu gif

Алматыда суға түсуге болмайтын орындар белгіленді

өзен
Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының аумағы мен тауға жақын жерлерде орналасқан 44 су қоймасының 9-ы суға түсуге қауіпті. Бұл туралы ТЖД өкілдері Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәлихатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Алматы аумағындағы суға түсуге қауіпті орындарды атады. Олар:

1. Шаңырақ пен Дархан ықшамауданындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы;

2. Дархан ықшамауданындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы;

3. Әл-Фараби мен Навои жақтағы Үлкен Алматы өзені - Бостандық ауданы;

4. Кемел ықшамауданындағы Первомайские пруды – Жетісу ауданы;

5. Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрыла бергенде) – Медеу ауданы;

6. Юннатское өзені – Медеу ауданы;

7. Қарасу ықшамауданындағы тоған - Алатау ауданы;

8. Аэропортовское өзені – Түрксіб ауданы;

9. Қарасу жақтағы өзен (Шестуха) – Түрксіб ауданы.

"Төрт жерде – Сайран көлінің батыс және шығыс жағында, "Гүлдер" демалыс орны мен "Баум" бағының аумағындағы жағажайда ғана суға түсуге рұқсат. Бірақ қазір бұл су қоймалары суға тола қоймаған. Сайран көлінде былтырдан бері жағалауды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Қонаев атындағы Үлкен Алматы өзенінде гидротехникалық құрылымдар күрделі жөндеуден өтіп жатыр", - деп хабарлады, Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қуаныш Оспанов.

Судағы қауіпсіздікті күшейту үшін департамент қазір полиция қызметкерлерінің, құтқарушылар мен еріктілердің басын қосып, рейд жасап жатыр. Былтыр суға түсудің әдеп-ережесін өрескел бұзған 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен бірге былтырдан бері қауіпті су қоймаларына интеллектуалды камералар қойылды, оларды ТЖД-ның арнаулы компьютерлері мен судағы құтқару қызметінің мамандары бақылап отыратын болды. Камерадағы бейнелерді ТЖД қызметкерлері смартфоннан да көріп отырады.

"Біз осыған орай тұрғындарды құлақтандырып, жұмыс істеп жатырмыз. Адам көп жүретін білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, жолдың бойында тұрған LED экрандардан бейнеролик көрсетуді де қолға алдық", - деп толықтырды сөзін ТЖД өкілі.

Оқыс оқиға болмас үшін құтқарушылар тұрғындарды суға түскен кезде аса сақ болуға шақырды.

  • Судың жағасында балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Жүзе алмасаңыз, суға тереңдеп бойламаңыз;
  • Суға түскенде бір-біріңізден көз жазып қалмаңыз;
  • Арнаулы белгі қойылған жерден алысқа ұзамаңыз;
  • Көпірден, жағадан, қайықтан суға секірмеңіз;
  • Түнде суға түспеңіз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.