"Финалға екі қазақстандық шықты": қазақ парадзюдошысы әлем чемпионатында алтын медаль алды
Опубликовано:

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. Бұл туралы парадзюдо федерациясы хабарлады.
J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жайт тіркеліп, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.
Нәтижесінде Бексұлтан Құлмырза татамиде жеңіске жетіп, алтын медаль иегері атанды.
Күні кеше қазақстандық жасөспірім Сағынғали Жантөре (65 келі) Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алғанын жазған едік.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2244645-finalga-eki-qazaqstandyq-shyqty-qazaq-paradziudoshysy-alem-chempionatynda-altyn-medal-aldy/