jitsu gif

Иордания мен Қазақстан арасында тікелей рейс ашылады

ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

2026 жылғы маусымынан бастап Иордания мен Қазақстан арасында тікелей рейс ашылмақ. Бұл туралы тараптардың кездесуі кезінде белгілі болды деп, хабарлайды еліміздің Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездескен.

Бұған дейін, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың ақпан айында Иордания Хашимит Корольдігіне сапарының қорытындысы бойынша Иордания тарапы Қазақстанға ұшуды бастауға ниет білдірген.

Осыған орай, кездесу барысында тараптар әуе қозғалысы туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырып, елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылаған.

"Хамза Әл-Омари Royal Jordanian әуекомпаниясының 2026 жылдың маусымынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Қазақстанға тікелей рейстерді орындау жоспарлары туралы хабарлады. Өз кезегінде Қазақстан тарапы қолданыстағы келісімдер аясында әуе рейстерін ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар тараптар елдер арасындағы теңіз кемелерінің экипаж мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қою мерзімдері туралы келіскен.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.