Енді алматылықтар Ыстықкөлге 55 минутта жете алады
Опубликовано:

Қазақстандықтар Ыстықкөлге ұшып бара алады. Отандық лоукостер FlyArystan 2025 жылғы 3 шілдеден бастап Алматыдан халықаралық "Ыстықкөл" әуежайына рейстер орындай бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуекомпаниясының мәліметінше, жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері 31 тамызға дейін орындалады.
"Алматы мен Тамшы (Ыстықкөл) арасындағы әуе сапары бар болғаны 55 минутты құрайды. Кері бағытта ұшу ұзақтығы – бір сағат. Салыстырмалы түрде, жерүсті көлігімен бұл қашықтықты еңсеру 5-7 сағатқа дейін созылуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Бейсенбі күндері:
- Алматыдан ұшу – 15:05, Тамшыға қону – 17:00;
- Тамшыдан кері ұшу – 18:00, Алматыға қону – 18:00.
Жексенбі күндері:
- Алматыдан ұшу – 13:15, Тамшыға қону – 15:10;
- Тамшыдан кері ұшу – 16:10, Алматыға қону – 16:10.
Билеттердің бағасы бір бағытқа "Комфорт" тарифтік топтамасы бойынша 24 000 теңгеден басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Иордания мен Қазақстан арасында тікелей рейс ашу жоспарланып отырғанын жазған едік.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2244918-shildeden-bastap-qazaqstandyqtar-ystyqkolge-ushyp-bar-alady/