Қазақстанда ҰБТ өтетін күн өзгерді
Опубликовано:

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыратын күн өзгергеніне байланысты түлектерге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Құрметті 23 және 24 мамыр күндері ҰБТ тапсыруға тіркелген талапкерлер!
Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді. 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.
24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады. Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!" - делінген хабарламада.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2245020-qazaqstanda-ubt-otetin-kun-ozgerdi/