jitsu gif

"Скорый шақырыңдар": Шерзат Болат пен ағасы соққыға жығылған сәтте түсірілген видео сотта көрсетілді

Шерзат Болат ісі
Видеодан кадр: Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасы

Бүгін, 15 мамырда Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс бойынша сот отырысында жәбірленушілердің жарақат алып, соққыға жығылып жатқанда түсірілген видео көрсетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алдымен прокурор видеоны түсірген адамнан алу жөніндегі хаттамасын оқып берді. Оған сәйкес төбелес сәтін түсірген – Менделеев көшесі 13-үйдің кәмелетке толмаған тұрғыны.

Видео тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарының бірінен түсірілген. Кадрлардан "Скорый, скорый шақырыңдар, скорый, скорый шақырыңдар" деген ер адамның дауысы анық естіледі, сондай-ақ әйел адамның шырылдаған жан дауысы жазылған.

Прокурордың айтуынша, видеода Ғайыпбаев пен Шерзаттың қасына сотталушылар – Белғожаев, Шынасыл, Тоқтаубаев, артынан Сәкиев келді.

"Ең бірінші Шерзатты Белғожаев тепті, сол жағында Шерзаттың анасы Бишембиева отырды, одан әрі Белғожаев, Шынасыл, Ілиясов Ғайыпбаевты сүйреп, сол жаққа әкетті. Іс құжаттарымен анықталғандай, Шынасыл мен Сәкиев Ғайыпбаевқа пышақ жарақатын келтірді", - деді прокурор видеоға түсініктеме беріп.

Мемлекеттік айыптаушының бұл сөзіне қорғаушылардың бірі наразылық білдірді.

"Прокурор "Шынасыл мен Сәкиев пышақ жарақатын келтірді" деп зерттелмеген нәрсеге сілтеме жасап отыр. Сондай-ақ осы бойынша фототехникалық сараптама жүргізілген. Сол кезде әрқайсысының әрекеті жеке-жеке сипатталған. Прокурор ол адамды танып тұр ма, жоқ па, білмейміз. Сол үшін сараптаманы жариялауды сұраймын", - деді қорғаушы.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.