Ішкі істер вице-министрі "Қостанай облысы Ресейге қосылады" деген қауесетке қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары "Қостанай облысы Ресей Федерациясына қосылады" деген желідегі қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қостанай облысы - еліміздің құрамындағы бір өңір, оны ешкім бермейді де, тартып та алмайды. Ешкім берейін деп те тұрған жоқ, бұл анық нәрсе.
Көбіне мас күйде пікір білдіретін адамдар екі ел халқының арасына іріткі салғысы келетіндердің диірменіне су құйып жатыр. Ал біз, барлығымыз нақты, біртұтас ұстанымда болып, бұл істің алдын алуымыз керек", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
Қостанай облысы әкімдігінің сайтында көрсетілгендей, облыс Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде орналасқан, облыс 1936 жылы құрылған. Облыс құрамына 16 аудан және 4 облыстық қала кіреді. Әкімшілік орталығы – 1879 жылы негізі қаланған Қостанай қаласы, ол Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.
Қостанай облысы Қазақстан Республикасының төрт облысымен (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі. Облыстың Ресей Федерациясымен шекарасының ұзындығы 1417 шақырым.
Облыс аумағы 196 мың шаршы километр, бұл – жалпы Қазақстан аумағының 7,7 пайызы.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2245329-ishki-ister-vitse-ministri-qostanai-oblysy-reseige-qosylady-degen-qauesetke-qatysty-pikir-bildirdi/