Жетісу облысында өзенге құлап кеткен ер адамның денесі табылды
Опубликовано:

Жетісу облысында Көксу өзенінен темір арқан арқылы өтпек болып, суға құлап кеткен адамның денесі табылды, деп хабарлайды kazinform.kz.
"15 мамырда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, оқиға орнынан 15 шақырым жерден Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, судан алып шықты. Денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Жетісу облысының баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылғанын атап өтті. Оған 98 адам мен 22 техника жұмылдырылды. Оның ішінде Төтенше жағдайлар департаменті, әскери полиция, ішкі істер департаменті, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, әскери бөлімдердің өкілдері және жоғалған азаматтың туыстары бар.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2245461-zhetisu-oblysynda-ozenge-qulap-ketken-er-adamnyng-denesi-tabyldy/