"Сіздерге де бұйырсын жақындарым": Мұхамеджан Тазабеков қызын ұзатты (видео)
Опубликовано:

Белгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабеков қызы Фатиманы ұзатты. Ақын бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Келін алып, қыз ұзату сіздерге де бұйырсын жақындарым!" - деп жазған Мұхамеджан Тазабеков Instagram-дағы парақшасында құдалықтан кейінгі, сондай-ақ кеше өткен тойдағы әсерлі видеоларды бөліскен.
Ұзату тойын танымал театр және кино актері, "Шаншар "театрының әртісі Дәурен Әбиев жүргізген. Ал ақынның қызын ортаға әнші Салтанат Бақаева алып шықса, Тамара Асар ұзатқан.
Бұл жаңалықтан хабардар болған желі қолданушылары құтты болсын айтып, жас жұбайларға ақ тілегін жазып жатыр.
"Неткен ғажап. Әрбір нәзік жанды аруға осылай өз ұясынан ұшу бұйырсын", "Жастар бақытты болсын! Әдемі той, әдемі махаббат иелеріне әдемі ғұмыр тілеймін!", "Фатима қыздың бағы ашылсын. Той құтты болсын!", "Қандай керемет көрініс, қызыңыз бақытты болсын", "Алла тіл көзден сақтасын. Күйеу балаңыз өте көргенді жердің жігіті екені көрініп тұр, бастарына бармақтай бақ берсін", - деп жазуда желі оқырмандары.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2245587-sizderge-de-buiyrsyn-zhaqyndarym-muhamedzhan-tazabekov-qyzyn-uzatty-video/