jitsu gif

Қатты ыстық, дауыл, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Алматы көшелеріндегі субұрқақ
Алматы көшелеріндегі субұрқақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 17-19 мамыр аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты осы демалыс күндері республика бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, дауыл күтіледі.

"17 мамырда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17-18 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 18 мамырда Ұлытау, Түркістан облыстарында, 18-19 мамырда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарында, 19 мамырда Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай, Жамбыл облыстарында күшті жаңбыр мен бұршақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Мамандардың болжамынша, 17-18 мамырда Батыс Қазақстан, 17 мамырда Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бұдан бөлек, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, 17-18 мамырда батыс және солтүстік өңірлерде тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

  • Батыс Қазақстанда күндіз +23...+32 градус шамасында;
  • Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы +7...+15-тен +3...+10 градусқа дейін төмендесе, күндіз +15...+22-ден +18...+28 градусқа дейін көтеріледі;
  • Солтүстікте түнде +15...+20-дан +5...+10 градусқа дейін төмендеп, күндіз +26...+31 градус шамасында болады. Аймақтың солтүстігінде +16...+21-ден +10...+15 градусқа дейін төмендейді, 19 мамырдан бастап +17...+25 градусқа дейін көтеріледі;
  • Орталықта түнде +15...+22-ден +5...+13 градусқа дейін төмендейді. 17 мамырда күндіз +32...+37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Аймақтың оңтүстігінде +40 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. 18 мамырдан бастап ауа температурасы +15...+20 градусқа дейін төмендейді.
  • Шығыста түнде ауа температурасы +15...+22 градус болса, күндіз 17-18 мамырда +32...+37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Аймақтың оңтүстігінде термометр бағаны +40 градусқа дейін жетіп, аптап ыстық болады. 19 мамырда ауа температурасы +13...+18 градусқа дейін төмендейді.
  • Оңтүстікте түнде +18...+23-тен +10...+15 градусқа дейін төмендейді 17 мамырда күндіз +35...+43 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 18 мамырдан бастап ауа температурасы +20...+28 градусқа дейін төмендейді.
  • Оңтүстік-шығыста 17 мамырда күндіз +32...+37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Аймақтың оңтүстігінде термометр бағаны +40 градусқа дейін көтеріледі. 18 мамырдан бастап +20...+25 градусқа дейін төмендейді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.