jitsu gif

Қазақстандықтар уақытының көп бөлігін неге жұмсайды: зерттеу қорытындысы жарияланды

сағат
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар уақытының көп бөлігін жеке күтімге соның ішінде ұйқыға жұмсайтын болып шықты. Бұл туралы 6 жылда бір рет жүргізілетін зерттеу нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды Ұлттық статистка бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2024 жылы (қаңтардан желтоқсанға дейін) Ұлттық статистика бюросы "Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы" біржолғы модульдік зерттеуін жүргізген.

Сауалнаманың мақсаты – халықтың өз уақытын пайдалануы туралы ақпарат алу, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті, өмір салтындағы өзгерістерді анықтау. Зерттеу 6 жылда бір рет жүргізіледі, 2024 жылы оған 10 және одан жоғары жастағы 11 914 респондент қатысқан.

Зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың (10 жастан асқан) орташа алғанда тәуліктің:

  • 54,2 пайызын (13 сағат) жеке күтімге (ұйқы – 9 сағат 26 минут, тамақ пен сусын – 1 сағат 57 минут, жеке гигиена және күтім – 1 сағат 27 минут және т. б.);
  • 12,2 пайызын (2 сағат 56 минут) жұмысқа (жұмыспен қамтуға);
  • 13,5 пайызын (3 сағат 14 минут) – үй шаруашылығын жүргізуге;
  • 2 пайызын (28 минут) - оқуға;
  • 0,8 пайызын (12 минут) – жеке пайдалану үшін тауарлар өндіруге жұмсайтыны анықталған.
  • ал қалған 17,3 пайыз (4 сағат 9 минут) – бос уақыт.

15 жастағы және одан үлкен ер адамдар күніне орта есеппен 5 сағат 13 минут жұмыс істесе, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 18 минутты құраған.

Сондай-ақ зерттеу кезінде ерлерге қарағанда әйелдер үй шаруашылығына көбірек уақыт жұмсайтыны белгілі болған. Ер адамда үй шаруасына 1 сағат 51 минутын арнаса, әйелдер 4 сағат 5 минутын жұмсайды.

Сәйкесінше ер адамдардың әйелдерге қарағанда бос уақыты шамамен 2 есе көп. Әйелдердің – бос уақыты 2 сағат 56 минут, ерлердікі – 4 сағат 4 минут.

Жұмыспен қамтылған ер адамдар жұмысқа орта есеппен 9 сағат 7 минут, әйелдер 7 сағат 57 минут жұмсайды, бос уақытқа сәйкесінше 2 сағат 31 минут және 1 сағат 50 минут.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.