jitsu gif

"Найзағай, бұршақ, төтенше өрт қаупі": еліміздің қай өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Найзағай, бұлтты күн
Найзағай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер бірқатар өңірде ертең, 16 мамырда күн райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасының күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 21 градусқа дейін күрт төмендейді.

17 мамырда түнде Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырауда түнде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 42 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Таразда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семейде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Өскеменде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтауда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыс бойынша найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда күндіз найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қарағандыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-39 градус күтіледі. Облыстын солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында түнде облыстың солтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанайда солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Көкшетауда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.