jitsu gif

Талғарда тұрғын үй аумағынан ұзындығы 2 метр жылан табылды (фото)

Қоңыр жылан
Қоңыр түсті жылан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Талғарда құтқарушылар тұрғын үй аумағынан ұзындығы 2 метр жыланды ұстады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар қаласының тұрғыны жеке тұрғын үй аумағында жорғалаушының табылғаны туралы хабарлаған.

Құтқарушылар шақырған жерге жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен ұзындығы 2 метрге жететін рептилияны ұстап алып, қауіпсіз жерге жіберді.

жылан
Жылан ұстап алған құтқарушылар. Фото: Telegram/ҚР ТЖМ

ТЖМ өкілдері жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін дейді құтқарушылар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.