jitsu gif

Жаңбыр, бұршақ, шаңды дауыл: Алматы және тағы бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жаңбырлы Алматы
Жаңбырлы Алматы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер Алматы, Шымкент және Қазақстанның бірқатар облыстарында жексенбі, 18 мамырда күтілетін ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

18 мамырда Алматыда күндіз найзағай соғып, нөсер мен бұршақ жауады деп күтіледі. Найзағай кезінде батыстан соғатын желдің екпіні 18-23 м/с жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай ойнап, жел соғуы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында күндіз өңірдің батысында жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

18 мамырда Ұлытау облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 25 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында 18 мамырда түнде найзағай, күндіз дауыл күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында шаңды дауыл соғады деген болжам жасалды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі (5 класс) бар, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады. Түркістан қаласында 18 мамырда түнде найзағай күтіледі. Кей уақыттарда шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болатын жел күтіледі. Қарағанды қаласында 18 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Жетісу облысында күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 24-29 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қаласында 18 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

18 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында 18 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, найзағай, күндіз найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады деп күтіледі. Павлодарда 18 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

18 мамырда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада түнде найзағай, дауыл, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда 18 мамырда солтүстіктен ,солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады деп күтіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.