jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Астанадағы парадқа кіре алмаған ақсақалға жайдарманшылар сахнада ерекше тосынсый жасады

Тыл ардагеріне жолдама сыйлау сәті
Тыл ардагеріне жолдама сыйлау сәті. Кадр: instagram.com/switzerland.team.oskemen

Өскемендік жайдарманшылар - "Швейцария" жайдарман командасы бұған дейін Астанадағы парадқа кіре алмаған тыл ардагері, профессор-нейрохирург Теңдік Изақовқа тосынсый жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жаңалықты команда өзінің Instagram желісінде хабарлады.

Аталған жайт елорда өтіп жатқан "Жайдарман ТОП" жобасының екінші туры кезінде болған. Өскемендік "Швейцария" жайдарман командасы сахна төріне Теңдік Изақовты шақырды. Дәл осы сәтте көрермендер ақсақалға қошамет көрсетіп, ерекше қарсы алғанын көруге болады. Елдің дамуына, тарихына қосқан үлесі үшін команда өкілдері оған Қатон-Қарағай шипажайына жолдама сыйлаған.

Қатты толқыған қария, оларға алғысын айтып, сахна төрінде қалжыңдап та үлгерді.

"Барсам, қабылдайды ғой!?", - деп сұрады ол жолдама сыйлаған жастардан.

"Кіргізеді ата, уайымдамаңыз!", - деп жауап берді олар.

Астанадағы парадқа кіре алмаған ақсақалға жайдарманшылар сахнада ерекше тосынсый жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.