Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті күзге дейін жабық болады
Опубликовано:

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу пункті 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін жабық болады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Өзбекстан Республикасымен келісім бойынша, Қазақстан "Тәжен" өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты.
Шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілген. Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді", - делінген хабарламада.
Комитет өкілдері азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеуді ескеруді сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап үш айға қазақ-өзбек шекарасындағы "Тәжен" өткізу пункті жабылатыны хабарланған еді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2246439-qazaqstan-ozbekstan-shekarasyndagy-otkizu-punkti-kuzge-deiin-zhabyq-bolady/