jitsu gif

Жүлде қоры 45 млн теңге: Астанада үздік қымыз байқауы өткізілмек

Жаңа сауылған саумал қымыз. Көрнекі сурет
Жаңа сауылған саумал қымыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шілдеде Астанада үлкен фестиваль өтеді. Фестивальда ең үздік қымыз өндірушілерге жалпы қоры 45 миллион теңге жүлде беріледі, деп хабарлайды Kazinform.

"19-20 шілдеде Астанда Байқымыз фестивалі өтеді. Оған Қазақстанның барлық өңіріндегі фермерлерді шақырамыз. Қазақ асханасы ет, бауырсақ, қуырдақпен шектелмейді. Басқа да алуан түрлі тағамдарды көрсетеміз, кептіру, қақтау, ыстау жолдарын үйретеміз. Ең үздік қымыз өндірушілерге жалпы қоры 45 миллион теңге жүлде береміз. Осылайша ұлттық сусын өндіретін кәсіпкерлерді қолдағымыз келеді. Қазір біз этно және гастротуризмді дамытып жатырмыз.

Қымыз ішу үшін Франциядан, Италиядан, Аустралиядан туристер келгенін қалаймыз. Өйткені қымыз — халқымыздың қуатты сусыны. Біз қымызды жаңа деңгейге көтергіміз келеді. "Қымыз ішсе, іш ауыртады" деген стереотиптерді жойғымыз келеді. Сапалы қымыз ешқашан асқазанды ауыртпайды, керісінше денсаулыққа пайдалы болады", − деді танымал этнограф, BaiQymyz фестивалінің ұйымдастырушысы Әйгерім Мұсағажинова.

Жобаның басты мақсаты — отандық қымыз өндірушілеріне қолдау көрсету, қазақтың дәстүрлі сусынын қазіргі адамдардың дастарханына қайта оралту және оның пайдалы қасиеттері туралы кең аудиторияға жеткізу.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.