Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ашық сот отырысы: онлайн-трансляция
Опубликовано:

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасады. Бүгін айыпталушы Абзал Шынасыл жауап беріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр.
- Шынасыл Абзал Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтарымен, 293-бабының 3-бөлігімен;
- Сакиев Равиль Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 7), 9) тармақтарымен, 293-бабының 3-бөлігімен;
- Тоқтаубаев Азамат Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен және 188-бабының 1-бөлігімен;
- Әскентай Дархан, Белғожаев Шыңғыс, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Қалиахмет Д. — Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен;
- Кәмелетке толмаған Ы. 434-бап бойынша.
Бұған дейін, 16 мамырда өткен сот отырысында айыпталушылар Азамат Тоқтаубаев, Нұрқияс Ілиясов, Шыңғыс Белғожаев және кәмелетке толмаған Ы. жауап берген еді.
Сол сот отырысында сотталушылардың бірі Шерзат Болаттың өлімінен кейін басқа іс бойынша бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.
Ал айыпталушы Нұрқияс Ілиясов сотқа берген жауабында мылтықтың сабымен Шерзат Болатты қалай ұрғанын айтты.
Сондай-ақ кәмелетке толмаған айыпталушы Ы. сотта Шынасыл Абзал пышақты сүртіп отырғанын көргенін айтты.
Одан бөлек сотталушы Шыңғыс Белғожаев марқұм Шерзат Болатты ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевпен шатастырып, қателесіп ұрғанын айтты.
- Бүгін, 2025 жылдың 21 мамырында сағат 10:00-де сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2247204-sherzat-bolattyng-olimine-qatysty-is-boiynsha-ashyq-sot-otyrysy-onlain-transliatsiia/