jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Тыныштық сақтауды сұраймыз": Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Дабыл
Дабыл құралы. Көрнекі фото: Stephen Tjipto Hartono/Getty Images

22 мамырда еліміздің барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады. Осы орайда ТЖМ өкілдері халықты тыныштық сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, 2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Қазақстанның барлық өңірінде "Өрт-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі күштері мен құралдарының табиғи өрт туындаған кездегі дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасады.

Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіруге ден қоюды пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылады.

Сондай-ақ аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 22 мамырда сағат 09.00-де "Баршаның назарына!" дабылы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.

"Осыған байланысты тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", - дейді ТЖМ өкілдері.

"Тыныштық сақтауды сұраймыз": Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.