jitsu gif

30 маусымнан бастап қазақстандықтар Ресейге жаңа ереже бойынша сапарлайды

Әуежайда кезек күтіп тұрған жолаушылар
Әуежайда кезек күтіп тұрған жолаушылар. Көрнекі фото: Lu ShaoJi/Getty Images

Биыл 30 маусымнан бастап Ресейге баруды жоспарлаған Қазақстан азаматтары шекарадан өтем дегенше 72 сағаттың ішінде кіру туралы хабарлап, цифрлық профильді толтыруы тиіс, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпараттық агенттіктің жазуынша, бұл шара заңсыз көші-қонмен күреске бағытталған пилоттық жоба аясында енгізіліп жатыр. Профильді RuID қосымшасы арқылы толтыруға болады, ол жерде сондай-ақ медициналық сақтандыруды рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған өзгерістердің 6 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ Ресейде аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларына қатысы жоқ.

Мысалы, егер туысының қайтыс болуына немесе денсаулығына байланысты шұғыл түрде жолға шығу қажет болса, онда шекарадан кіруге кемінде 4 сағат қалғанда RuID қосымшасы арқылы хабарлап, жеке кабинетке тиісті құжаттар мен анықтамаларды жүктеу қажет.

"Визасыз режимдегі елдердің азаматтарына кірудің жаңа ережелері енгізілді. Бұл біздің еліміздің азаматтарына да қатысты.

Атап айтқанда, 30 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары Ресей Федерациясына кіруіне 72 сағат қалғанда ProID – бұл жаңа платформа жүйесіне кіріп, жеке кабинетінде деректерді толтырып, фотосы мен жеке мәліметтерін жүктеуі керек.

Сондай-ақ, елге бару жоспарына сәйкес кіру және болу мерзімін көрсетуі қажет", - деді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-консулы Ғазиз Ағыбаев Jibek Joly телеарнасының эфирінде.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.