jitsu gif

Көлік жүргізушілеріне Қазақстан-Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін екені ескертілді

Шекара бекеті
Шекара бекеті. Көрнекі фото: piqsels.com

БҚО мемлекеттік кірістер департаменті Ресейдің "Маштаково" шекаралық өткізу пунктіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Департаменттің мәліметінше, Ресей Федерациясының "Маштаково" шекаралық өткізу пунктінде 19-29 мамыр аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығу бағытында орналасқан инспекциялық-тексеру кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ 19 мамыр мен 30 қараша аралығында "Теплое" екіжақты автокөлік өткізу пунктінде жол төсеу-жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

"Жұмыстарды жүргізу кезеңінде өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, жұмыс істеу тәртібінде қандай да бір өзгерістер көзделмеген.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, "Сырым", "Тасқала" автокөлік өткізу пункттерінде көлік құралдары жиналуы мүмкін.

Жиналуға жол бермеу мақсатында автокөлік құралдары тасымалдаушыларынан мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде баламалы бағыттарды таңдауды сұраймыз", - дейді БҚО кірістер департаменті өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.