jitsu gif

Жазда Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар қатынайды

пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: t.me/PR_KTZh

Биыл жазда Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, алдағы жазда Балқашқа дейін 10 теміржол маршруты ұйымдастырылады.

Пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) қатынайды.

1. №54/53 "Нұрлы жол – Достық" (аптасына 2 рет);

2. № 254/253 "Нұрлы жол – Достық" (аптасына 2 рет);

3. №122/121 "Нұрлы жол – Семей" (жыл бойы, айдың жұп күндері жүреді).

4. № 643/644 "Мойынты - Балқаш" (күнара);

5. № 605/606 "Қарағанды – Балқаш" (күн сайын);

6. № 6880/6879 "Балқаш – Саяқ" (аптасына 6 рет);

7. № 6877/6878 "Балқаш – Мойынты" (аптасына 6 рет);

8. № 6894/6893 "Балқаш – Саяқ" (аптасына 2 рет);

9. № 6817/6818 "Балқаш 1 – Балқаш 2" (күн сайын).

Айта кетейік, бұған дейін жазғы маусымда Алакөлге дейін қосымша вагондар мен билет құны қолжетімді әуе рейстері қатынайтынын хабарлаған едік.

Сондай-ақ биылғы жазда елімізде 11 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайтын да естеріңізге сала кетейік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.