Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Опубликовано:

23 мамырда сағат 23:00 бастап 24 мамырда сағат 08:00 дейін Алматының Алатау ауданында автокөліктер қозғалысы Райымбек даңғылының бойымен Н. Данченко көшесінен бастап Емцов көшесіне дейін батысқа қарай жартылай жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәлім етті.
Айта кету керек, қозғалыс шығыс бағытына қарай ашық болады.
Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша іс-шаралар аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және оларға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз", - делінген хабарламада.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2247909-almatyda-raiymbek-danggylynyng-bir-boligi-uaqytsha-zhabylady/