jitsu gif

Көкке ұшқан ақша: Шымкентте күзде егілген 500-ге жуық шынар ағашы қурап қалған

Шымкенттегі қурап қалған ағаштар
Шымкенттегі қурап қалған ағаштар. Кадр: Almaty.tv

Шымкентте күзде егілген жасыл-желек жаппай қурап қалды. Бір ғана Әл-Фараби көшесінің бойында 500-ге жуық Шынар ағашының жапырақтары сарғайып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар көшеттердің көктей солуын аптап ыстықтың салдарынан деп түсіндіріп отыр. Сондықтан бұл талдарға арнайы күтім жасалып, тыңайтқыш пен дәрумен беру жоспарланған. Ал барлық жұмыс мердігер компанияның жауапкершілігінде көрінеді.

"Дәрумендер беріп, басқа да түрлі жағдай жасап, ағашты аман алып қалуға тырысамыз. Егер ол болмаған жағдайда егілген ағаштың кепілдік мерзіміне сәйкес міндетті түрде ауыстырылады. Оған мердігер мекеменің де жауапкершілігі көзделген. Басқарма тарапынан санақ жүргізетін боламыз", – деді қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жарылқасын Машбек.

Қураған ағаш мәселесі тек бір көшемен шектелмейді. Қаладағы көшеттердің көбі бүр жармаған. Сондықтан Шымкенттегі қоғам белсенділері билікке үндеу жасап, көгалдандыруға қаржы бөлу мәселесін қайта қарауды талап етіп отыр. Десе де, жергілікті әкімдік тал-терек отырғызу жұмысын тоқтатпайды. Биыл бұл бағытқа 2 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

"Ағаш қурамайтын уақытта көшеттің солып қалғаны жаныңа батады. Жылда ағаш егіп, қурап кетсе, Шымкент қаласында көгалдандыру жұмысын мүлде тоқтату керек. Егілген көшеттерге күтім жасалмаса, ақша көкке ұшады", – деді қоғам белсендісі Сабыржан Байбосынов.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.