Алматыда күн күрт бұзылады: құтқарушылар тұрғындарға тауға бармауды ескертті
Опубликовано:

Алматы қаласының ТЖД өкілдері тұрғындарға 23 мамыр түс қайта ауа райының бұзылатынына байланысты синоптиктердің ескертуі негізінде үндеу жасады. Қалада қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының ТЖ департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 23 мамырда түс ауа Алматыда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, оңтүстік- батыстан қатты жел соғып, жел екпіні секундына 18- 20 метрге дейін жететіні туралы хабарлады.
"Қатты жауын-шашын немесе қатты жел туралы ескерту жарияланғанда таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар Қазгидрометтің Алматыда қатты жаңбыр туралы ескертуіне байланысты Іле-Алатау тауларына аттанбауды сұрайды.
Ведомстводағылар сондай-ақ келесідей ескерту жасады:
- қатты жел болса, электр желісінің тұтастығына назар аударыңыз;
- көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз;
- әлсіз, нығайтылмаған құрылымдардың астында тұрмаңыз: олар құласа адамды жарақаттауы мүмкін.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2248029-almatyda-kun-kurt-buzylady-qutqarushylar-turgyndarga-tauga-barmaudy-eskertti/