jitsu gif

Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысының онлайн-трансляциясы кешірек басталатыны хабарланды

Дана Сәрсенбай
Дана Сәрсенбай. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесінің онлайн-трансляциясы жоспарланған уақыттан кешірек басталады. Бұл туралы Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 2025 жылдың 23 мамырында сағат 10:00-де басталған сот отырысының онлайн-трансляциясы техникалық себептерге байланысты жоспарланған уақыттан кешірек басталады.

"Трансляцияны мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру үшін бар күшімізді салып жатырмыз және туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі өкілдері тікелей эфирдің нақты басталу уақытын қосымша хабарлайтынын айтты.

Еске сала кетейік, кеше, Шерзат ісі бойынша 21 мамырда өткен сот отырысында қатысушылар үзіліске шығып жатқанда әлдекімдердің күмәнді диалогы эфирден естіліп қалған. Осыған байланысты сот 22 мамырда жеке қаулы шығарды. Соттағы жұмбақ диалогты прокуратура тексереді.

Сондай-ақ бұған дейін осы іс бойынша күдіктілердің бет-жүзі эфирге шығып, видео желіде тарап кеткен еді. 22 мамырда аталған видеоның желіде таралуына қатысты қызметтік тексеріс нәтижесі жарияланды. Оған сәйкес сот қаулысымен соттың үш техникалық қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.