jitsu gif

Соңғы қоңырау: алматылық полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

полиция қызметкері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасына байланысты алматылық полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, қаладағы 216 жалпы білім беру мекемесінде мыңға жуық полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр.

"Оқушылардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ювеналды, патрульдік, криминалдық полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторларды қосқанда, мыңға жуық тәртіп сақшылары жұмылдырылған.

Балалардың жеке қауіпсіздігіне, мектеп жанындағы және түлектердің жүретін бағыттарында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына ерекше назар аударылып отыр. Ата-аналарды және мерекенің барлық қатысушысын мұқият болуға, ережелерді сақтауға және балаларды қауіп-қатерге ұшыратпауға шақырамыз", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сонымен қатар ол қаланың басты алаңдарында, саябақтарда, скверлерде және азаматтар жаппай демалатын орындарда біріктірілген полиция күштерінің қосымша бөлімшелері қарастырылғанын атап өтті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.