Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі уақытша жабылды
Опубликовано:

Елордада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі 30 мамырға дейін ішінара жабылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жалғастырылатыны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, биылғы жылдың 25 мен 30 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

"Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2248614-astanada-qorgalzhyn-tas-zholynyng-bir-boligi-uaqytsha-zhabyldy/