Каспий жағалауынан жүздеген итбалықтың өлексесі табылды
Опубликовано:

Каспий теңізінің жағалауындағы рейд барысында өлген итбалықтардың 117 өлексесі табылды, деп хабарлайды АШМ Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство хабарлауынша, Жайық-Каспий балық шаруашылығы инспекциясы 2025 жылдың 20-21 мамыр аралығында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында рейдтік іс-шаралар жүргізген. Іс-шара барысында Каспий теңізі жағалауынан қосымша 117 дана қатты ыдыраған итбалық өлекселер табылған.
"Өлекселердің ыдырауына қарағанда, табылған итбалықтар былтыр қараша-желтоқсан айларында өлген. Бекітілген іс-шара алгоритмі бойынша барлық құзырлы мемлекеттік органға хабарланды. Жаңа, бұрын мониторинг жүргізілмеген жерлерден табылған итбалықтар қатты ыдырағандықтан, қандай да бір сынамалар алу мүмкін болмады", - делінген хабарламада.
Тиісті органдар қызметкерлері итбалықтардың өлекселерін жинап, жойды. Қазіргі таңда Инспекция жағалауда мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жалпы, бүгінгі күнге былтыр қараша айынан жиналып, жойылған итбалықтар саны 2194 данаға жетті.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2248629-kaspii-zhagalauynan-zhuzdegen-itbalyqtyng-oleksesi-tabyldy/