jitsu gif

Қала күніне орай өткен "Ақтөбе-2025 марафонына" 1300 адам қатысты

Ақтөбедегі марафон
Ақтөбедегі марафон. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бүгін қаламызда дәстүрге айналған "Ақтөбе-2025 марафоны" өтті. Жыл сайын өтетін іс-шараға биыл 1300 адам қатысты. Олар 3, 10 және 21 шақырымдық қашықтықтарда жарысты.

Ақтөбеге 13-ші жыл сайынғы марафонға қатысу үшін Қарағанды, Орал, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ресейдің Орынбор және Орск қалаларынан марафоншылар келді.

Ақтөбедегі марафон
Ақтөбедегі марафон. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет те жарыс жолағын жүгіріп өтті. Ол мәреден кейін барша қатысушыларды Қала күнімен құттықтап, біздің қаламыздағы бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Ақтөбедегі марафон
Ақтөбедегі марафон. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Жас та, қарт та таңертең осы марафоннан табылды. Жарыстың ең кішкентай қатысушысы - 10 жаста, ал жасы үлкен қатысушы Жұмабай Утарғалиев — 70 жаста.

Ақтөбедегі марафон
Ақтөбедегі марафон. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны, көп жылдар бойы түрлі марафондарға қатысып келеді. Оның айтуынша, соңғы жылдары жастардың спортпен көп шұғылданатыны қуантады.

Ақтөбедегі марафон
Ақтөбедегі марафон. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

"Өскелең ұрпақтың рухы мықты болсын десек, біз әркез өзіміз үлгі болуымыз керек. Спортқа баулу арқылы жастарға жақсы әдеттерді сіңіруіміз керек", - деді ол.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.