jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Экология министрлігіне қарасты мекеменің бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Антикор логотипі бар папка
Папка. Иллюстрациялық фото: t.me/antikornews

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ-ның бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" РММ-ның бас директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті сот санкциясына сәйкес, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылған.

Экология министрлігіне қарасты мекеменің бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.