jitsu gif

Астанада Кенесары ханның ескерткіші орнына қайта қойылды (видео)

Кенесары ханның ескерткіші
Кенесары ханның ескерткіші. Фото: t.me/astana_newss

Астанада қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Кенесары ханның ескерткіші орнына қайта қойылды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Қарин Instagram-дағы аккуантында жариялаған видеода жөндеу жұмыстарынан кейін орнына қойылған ескерткішті көрсеткен.

Оның айтуынша, қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты орнынан алып тасталған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар расталмаған ақпарат таратқан болатын.

"Кенесары хан ескерткіші мүлдем алып тасталды, енді орнына қойылмайды" деген секілді. Ал шын мәнінде, ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан орнынан алынды. Міне, бүгін жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды", - деді мемлекеттік хатшы.

Айта кетейік, былтыр Астана қаласының Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Есіл өзенінің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткішін қайта жаңарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.