jitsu gif

"Салмағы 15 келіге дейін жетеді": Түркістан облысында қарбыз жылдағыдан ерте пісті (фото)

қарбыз
Ерте піскен қарбыздар. Фото: Келес ауданының әкімдігі

Түркістан облысы Келес ауданының Бозай ауылдық округіне қарасты Тартоғай елді мекенінде биыл қарбыз жылдағыдан ерте піскен. Бұл туралы Келес аудандық әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, жеке кәсіпкер Жүсіпбек Әшірбеков иелігіндегі 25 гектар суармалы егістік алқапқа еккен қарбызын ерте жинауға кіріскен.

"Заманауи агротехнология мен тынымсыз еңбектің нәтижесінде өнім жылдағыдан бір апта бұрын пісті.

Тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы шаруа су үнемдеп қана қоймай, өнімнің сапасы мен көлемін арттыруға қол жеткізді. Қарбыздардың салмағы 15 келіге дейін жетіп, орта есеппен 10 келіні құрап отыр. Қазіргі таңда өнім жергілікті нарықта саудалануда.

Шаруа қожалығы ауыл тұрғындарын да назардан тыс қалдырмай, маусымдық жұмыстарға күніне 40-қа жуық азаматты тартып отыр. Бұл ауыл тұрғындары үшін табыс табуға мол мүмкіндік, ал кәсіпкер үшін – еңбек өнімділігін арттыратын күш", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын піскенін жазған едік. Шаруалар биыл жылдағыдан сәл ерте піскен өнімін шет мемлекетке экспорттауды бастап кеткен.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.