Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде жаңбыр жауады
Опубликовано:

27 мамырда Астана мен Шымкентте жауын-шашынсыз болады, ал Алматыда жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 20 градусқа дейін көтерілсе, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с дейін жетеді.
Астанада күн бұлтты, десе де жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін жылынса, түнде сынап бағанасы 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,4 м/с.
Шымкентте де бүгін күн бұлтты әрі жауын-шашынсыз болмақ. Күндіз термометр бағаны 29 градусқа дейін көтерілсе, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9,8 м/с болады.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2249178-bugin-qazaqstan-megapolisterining-birinde-zhangbyr-zhauady/