jitsu gif

Испаниядан сәлемдеме алмақ болған 23 жастағы Қазақстан азаматы 16 жылға сотталып кетті

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: Көліктегі полиция департаменті

Биыл ақпанда Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері арнайы операция нәтижесінде Испаниядан елордаға сәлемдеме түрінде жеткізілген ірі көлемдегі есірткінің контрабандасын тоқтатты, деп хабарлайды департаментке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы пошта бөлімшелерінің бірінен кәдімгі тауар ретінде жасырылған сәлемдеме табылды. Сараптама нәтижесінде оның құрамында 700 грамнан астам каннабис шайыры бар екені анықталды.

Сәлемдемені алмақ болған сәтінде 23 жастағы есірткі тасымалдаушы ұсталды. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында есірткіні бөлшектеуге арналған құралдар, таразы, орама материалдары және "жасырын орындар" арқылы жүйелі түрде сату фактілерін растайтын жазбалар табылды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың шифрланған мессенджерлер арқылы нұсқаулар алып, елорда аумағында есірткі заттарын бөлшектеп, таратумен айналысқаны анықталды.

Көлік полицейлерінің кәсібилігінің арқасында есірткі жеткізудің халықаралық арнасы жойылды.

Мамыр айында сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.