jitsu gif

1 маусымнан бастап Қазақстанның бірнеше облысында жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі

Жүк көлігі
Жүк көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның мәліметінше, бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.

"Шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі. Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді", - делінген хабарламада.

Шектеу мерзімі:

  • еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
  • солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.

1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Маңғыстау облысы.

1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүк тасымалдаушыларды белгіленген тәртіпті сақтауға және маршруттарын шектеу режимін ескере отырып жоспарлауға шақырады", - дейді компания өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.